Жаңалықтар

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «ВНИИцветмет» 2015 жылғы мамырдың 21 жұлдызында «Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау – тау-кен металлургия кешенін дамытудағы өзекті мәселелер» атты IХ Халықаралық конференциясын ұйымдастырады

Конференция жұмыстары секция бойынша жүзеге асырылады:
- Тау-кен секциясы «Кен орындарын барлау және игеру технологияларын дамыту»;
- Кен байыту секциясы «Түсті және асыл металдар кендерін байыту технологияларын жетілдіру бағыттары»;
- Металлургия секциясы «Түсті және асыл металдарды өндіру технологияларын жетілдіру»

Толық мәтінді баяндамаларды ұсынудың соңғы мерзімі – 5 сәуір.

Баяндамаларды дайындау үшін қойылатын талаптар және конференцияға қатысу шарттары Ақпараттық хабарламада келтірілген.

IХ Халықаралық конференциясының демеушісі «Intertech Trading Corporation» американдық компаниясы болып табылады.

IХ Халықаралық конференциясымен қатар Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Материалтану және наноматериалдарға арналған перспективалық технологиялар, жабдықтар және аналитикалық жүйелер» атты Халықаралық Қазақстан-Ресей-Жапония ғылыми конференциясын өткізеді.

Осы Конференция жұмыстарының бағыты:

Минералдық шикзатты, технологиялық қайта өңделген өнімдерді және перспективалық жаңа материалдарды зерттеу үшін аналитикалық жүйелер, жабдықтар мен технологиялар.

Екі конференция да MinTech-2015 тау-кен ісі, металлургия және энергетика бойынша Халықаралық мамандандырылған көрме аясында өтеді (Өскемен., 2015 ж. 20-22 мамыр) және ШҚМТУ бас корпусының ғимаратында болады.