Институт басшылығы

Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі Ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның  «Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты» филиалы («ҚР МШКҰЖ ҰО» РМК «ВНИИцветмет» филиалы) – зерттеулер, тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік сынақтар жүргізетін көп атқарымдық ғылыми ұйым, ұйым жобалау жұмыстарын орындайды және тау-кен ісі, кен байыту, ауыр түсті металдар металлургиясы, сирек металдар, қолданбалы және талдау химиясы, өнеркәсіптік экология, стандарттау және метрология, экономика салаларындағы жабдықтар мен әзірленген технологияны енгізу барысында ғылыми-техникалық көмек көрсетеді.

Институт ғылыми жұмыстардың негізгі көлемін Қазақстан Республикасының ұйымдары мен кәсіпорындармен, таяу және алыс шетелдермен жасаған келісім-шарт негізінде атқарады.

Институт құрамында 12 зертхана (соның ішінде: тау-кен – 1, байыту – 2, металлургичялық және химиялық-талдаулық – 6, қоршаған ортаны қорғау – 3), жобалау-конструкторлық бөлім, кен орындарын жобалау және игеру бөлімі, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі, функционалдық бөлімдер мен инженерлік-техникалық қамтамасыз ету қызметтері жұмыс істейді. Қызметкерлердің жалпы саны 270 адамды құрайды.
Институттың зертханалрында, ғылыми жақтарынан бөлімдерінде және ғылыми-өндірістік бөлімдерінде 39 жасқа дейінгі 59 жас ғалымдар мен мамандар жұмыс атқарады (18 – жас мамандар, 41 – жас ғалымдар).

Қызметінің негізгі ғылыми бағыты түсті және асыл металдарды өндірудің ғылыми-техникалық деңгейін көтеретін технологиялар мен жабдықтарды құру, жетілдіру және оларды іске асыру негізінде Қазақстан Республикасының тау-кен, металлургия кешенінің тұрақты жұмысын ғылыми-техникалық қамсыздандыру болып табылады, ол мына мәселелерді шешуді қарастырады:
- шикізат базасын дамыту және нығайту;
- минералды ресурстарды кешенді пайдалану, материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу; 
- тауарлық өнімдер ассортиментін  кеңейту және сапасын арттыру
- қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік лицензияларына сәйкес ВНИИцветмет тау-кен өндіру, байыту және металлургия өнеркәсіптері үшін өндірістік нысандарды технологиялық жобалауды, жабдықтарды жобалау, өнімнің сапасын бақылауға арналған стандарттық үлгілерді өндіру, сонымен қатар, табиғатты қорғау мониторингін жүргізу, жобалау және нормалау мәселелерімен айналысады.
ВНИИцветмет мына қызметтерді  атқарады:
- Стандарттау бойынша мемлекет аралық техникалық комитеті – МТК 504 «Мырыш, қорғасын», мемлекет аралық  және мемлекеттік стандарттар, ұйым стандарттары, техникалық шарттар, өлшеулерді орындау әдістерін әзірлеумен айналысады;
- ҚР заттары мен материалдарының құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілері Мемлекеттік қызметінің мамандандырылған ұйымы мемлекеттік және мемлекет аралық стандарттарды (ТМД), өңірлік (КООМЕТ) стандарттық үлгілерді, кәсіпорындардың стандарттық үлгілерді әзірлеу  мен дайындауды жүзеге асырады;
- Сынақ орталығы, минералды шикізаттар, түсті металлургия өнімдері мен қоршаған орта нысандарының төрелік, сертификаттық, бақылау, аттестациялық талдауларын орындайды;
- Заттар мен материалдардың физикалық тұрақтылығы мен қасиеттері туралы стандарттық анықтамалық мәліметтер Мемлекеттік қызметінің мамандандырылған Орталығы, мырыштың, кремнийдің, темірдің химиялық таза оксидтердің  ұнтақтарының үлесті электрлік кедергісінің  мәнісі бойынша стандарттық мәліметтер, сонымен қатар қышқылдарды бейтараптандыруға реагенттердің шығыны бойынша ұсынатын анықтамалық мәліметтерді  әзірлеумен айналысады және т.б.
Әртүрлі бағыттар бойынша барлық зерттеулер кешені заманауи эксперименттік, химиялық талдау, компьтерлік жабдықтар мен бағдарламаларды қолдана отырып  жүргізіледі.
Институт әлемдегі ең алдыңғы қатарлысы және технологиясы экологиялық таза болып келетін, мыс және қорғасын (әртүрлі), соның ішінде құрамында төмен сұрыпты қорғасыны бар шикізатты өңдеудің автогендік технологиясы – КИВЦЭТ-үрдісін жасады. ВНИИцветметтің лицензиясы бойынша «Портовезме» - Италия, «Тек Коминко» - Канада, «Комибол» - Боливия, компанияларының зауыттарында ірі КИВЦЭТтік кешендер салынды және де жұмыс істеп тұр. Қазақстанда КИВЦЭТ-құрылғы алдымен Шығыс Қазақстан облысының Глубокое қала үлгісіндегі ауылында мысты шикізатқа арналып, кейін Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында, қазір «Казцинк» қорғасынды шикізатқа арналып салынды.
КИВЦЭТтік технологияға Қытайдың ірі компанияларымен жасаған лицензиялық шарттар  шеңберінде КИВЦЭТтік технология бойынша жұмыс істейтін қорғасын зауыттары салынып, өнеркәсіптік пайдалануға берілді, мынадай технологиялық шешімдерді қолданады:
- 2012 жылы «Jiangxi Copper Corporation» компаниясы, жұмыс өнімділігі – жылына 100 мың тонна қорғасын;
- «Zhuzhou Smelter Group Co.» компаниясы, жұмыс өнімділігі – жылына 120 мың тонна қорғасын.
Іс жүзінде біршамасы асырылып, КИВЦЭТ кешендерінің барлық жобалық көрсеткіштеріне қол жеткізілді. 

Институт әзірлемелері бойынша Қазақстан мен Ресейдің  500 астам патенттері, алыс шетелдердің 140 патенттері алынды. Қазақстан және алыс шетелдердің кәсіпорындары мен ұйымдарымен 40 лицензиялық келісімдер жасалды.
Институттың кітапханасында институтта орындалған барлық жұмыстардың есептері бар. Бұл есептерде соңғы 65 жылдардағы ғылыми-техникалық жетістіктері жинақталған,  бұл институттың ғалымдарына кен-металлургия кешеніндегі  күрделі мәселелерде хабардар болуға жағдай туғызады. Сонымен қатар институт жыл сайынғы Ғылыми жұмыстардың жинағын басып шығарады.  Аталмыш жинақтың мақалалары институт мамандарының, сондай-ақ басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың ең пайдалы ғылыми жетістіктерін іріктеп таңдап алуға мүмкіндік береді.
Институт жыл сайын Вниицветметтің ғылыми еңбектерінің жинағын шығарады, жинақтар Қазақстанның барлық ірі кітапханаларына таратылады. 
Тау-кен ісі, металлургия және көмір өнеркәсібі бойынша «Min Teсh-2011» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында институт 2004 жылдан бастап халықаралық конференциясын ұйымдастырады. Конференция баяндамалары Баяндамалар жинағында басылып шығарылады.
ВНИИцветметте әзірленген технологиялар мен жабдықтар Қазақстанның тау-кен, металлургиялық кешендерінің объектілерінде және ТМД мен алыс шетелдердің көптеген елдерінде өндіріске енгізілген.
Қазақстан Республикасы бойынша институттың негізгі тапсырыс берушілері  «Казцинк» ЖШС, «Корпорация Казахмыс» ЖШС, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Қаржылық инвестициялық корпорация «Алел», «NOVA-Цинк» ЖШС, «Шалкия Цинк Лтд.» ЖШС, «Ертіс сирек жер компаниясы» ЖШС, «Сары Қазына» ЖШС және көптеген басқалар.

Таяу және алыс шетел мемлекеттерінің  ірі тапсырыс берушілері: «Уралмехонобр» ААҚ, «Орал тау-кен металлургия компаниясы» Холдингі, «Алроса» ЖАҚ, «Электроцинк» ААҚ, «Бурятзолото» ААҚ (Ресей), «Алтынкен» фирмасы (Қырғыз), «Сагамар» ЖАҚ (Армения), «СП «Анзоб» ТӘЖШҚ (Тәжікстан), LTD «Caucasian Mining Group» (Грузия), «Jiangxi Copper Corp.» және «Zhuzhou Smelter Co.» (ҚХР),  «Портовезме С.р.л.» (Италия), «AHG Metals Group LLC» (Моңғолия) және басқалар.

ВНИИцветметтің ғылыми-техникалық әзірлемелерін өндірісте іске асыру, Қазақстан мен Ресейдің жетекші ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарымен шығармашылық ынтмақтастықта жүзеге асырылады.
ВНИИцветметтің ғылыми-зерттеу қызметі инновация, шығармашылық үлгілерінің жоғары және үздік сапасы үшін  1998 жылдан бастап жыл сайын беделді халықаралық  мадақтамалармен марапатталады.
2015 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің № 125 Жарлығымен ВНИИцветметтің үш қызметкеріне «Еліміздің инновациялық дамуына айтарлықтай үлесін қосқан және технологиялардың әлемдік нарығында Қазақстанның беделін көтерген, қорғасын және алтын металлургиясы саласындағы әзірлемелерді өнеркәсіптік іске асыру» жұмыстарының топтамасы үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауареттары Игорь Владимирович Старцев, «ҚР МШКҰЖ ҰО» РМК «ВНИИцветмет» филиалының директоры, Николай Николаевич Ушаков, бас ғылыми қызметкер, т.ғ.к., МРХА академигі, Виктор Александрович Шумский, директордың орынбасары, т.ғ.к.

ВНИИцветмет өз қызметінің бейіні бойынша барлық мекемелер мен кәсіпорындармен бірлесе қызмет істеуге дайын екендігін білдіреді!

Мекен-жай:

ҚР, 070002 Өскемен қ.
Промышленная к-сі, 1, ВНИИцветмет
Факс: (7232) 753771, тел. (7232) 503460
E-mail: vcmnauka2008@mail.ru