Институттың тарихы
КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен 1950 жылы Кенді Алтай орталығында - Өскемен қаласында Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институтының негізі құрылды (ВНИИцветмет).
ВНИИцветметтің негізгі міндеттері КСРО түсті металлургия министрлігінің қорғасын-мырыштың ішкі саласын дамыту болып келді.
1992 ж. Институт Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты (ВНИИцветмет) болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті қаулысымен 1993 ж. ВНИИцветмет Қазақстан Республикасы минералдық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығының құрамына енгізілді, 1998 ж. – еншілес кәсіпорын ретінде, 2012 ж. – филиал ретінде.
Институттың қалыптасуы мен дамуына қарай оның ұжымы әрекеттегі отандық және шет ел кәсіпорындарындағы ғылыми зерттеулер, өнеркәсіптік сынақтар жүргізуде, жаңа техника мен технологияны игеруде мол тәжірибелері бар инженерлік-техникалық қызметшілердің аса білікті кадрларынан тұрады.
ВНИИцветметте 3 академик, 9 доктор және 106 техника ғылымының кандидаттары даярланды, 21 маман Ленин және КСРО мемлекеттік сыйлығының, КСРО Министрлер Кеңесінің және Е. Букетов сыйлығының лауреаттары атанды, 1 қызметкер «Құрмет» орденімен марапатталды, 2 қызметкер «Жер қойнауын барлаудағы сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды, 9 қызметкерге Қазақстан Республикасының «Еңбек сіңірген металлургі» және «Еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы берілді, институттың 410 әзірлемелері КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын, күміс және қола медальдарын иеленді. 10 қызметкер «Жер қойнауын барлау үздігі», «ҚР жер қойнауының Құрметті Барлаушысы», «Еңбек даңқы» (екі қызметкер – осы белгінің толық кавалерлері), «Кенші даңқы», «Қазақстан мұнайына 100 жыл» төс белгісін иеленді. ВНИИцветмет, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған, Қазақ КСР Алтын Құрмет Кітабына енгізілген, Ленин мерейтойлық құрмет грамотасына лайық деп табылды.
Қазақстанның тау-кен, металлургия кешендеріндегі көптеген кәсіпорындарында және ТМД-ның әртүрлі елдерінде ВНИИцветметте әзірленген технологиялар мен жабдықтары өндіріске енгізілген, соның ішінде ең ірілері: Жәйрем, Николаевск пен Шемонайха кеніштері; Тишинка, Орловск пен Малеевка кеніштері; Лениногорск (қазір Риддер), Николаевск пен Жезкент кен байыту фабрикалары; ӨҚ ҚМК (қазір «Казцинк» ЖШС) сирек металды цех және шаң ұстау цехі; Жезқазған электрлік қорыту сұлбасы бойынша мыс балқыту зауыты; Лениногроск (қазір Риддер) және Алмалы мырыш зауыты; Лениногрск (қазір Риддер) мырыш зауытында отандық және әлемдік практикада қождарды суықтай өңдеуге арналған ең ірі вельцкешені; Балхаш мырыш зауыты, Шымкент мырыш зауытында сирек металл цехі мен шаң ұстау цехі; Лениногрск (қазір Риддер) мырыш зауытында аккумулятор сынықтарын өңдеу цехі және басқа да көптеген нысандар.
ВНИИцветметте сульфидтік мыс-мырышты концентраттарын және қорғасыны бар әртүрлі материалдарды өңдеу әдісі– КИВЦЭТ-үрдіс әзірленді. Мыс-мырышты концентраттарын өңдеу бойынша алғашқы өнеркәсіптік құрылғы, Қазақстанда Ертіс мыс балқыту зауытында салынды, екінші құрылғы қорғасын-күміс концентраттарын өңдеуге арналған – «Клекнер Гумбльдт Ведаг АГ» герман фирмасымен ВНИИцветметтің лицензиясы бойынша Боливияда «Энаф Комибол» корпорациясы үшін салынды. 1986 жылы өнеркәсіптік КИВЦЭТтік кешен Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының («Казцинк» ЖШС) қорғасын зауытында тұрғызылды, ол 12 жыл жұмыс істеді. 1987 жылы Италияда курорттық аймақта Сардиния аралында «Самим» компаниясының, қазір «Портовезме С.р.л» КИВЦЭТтік технология бойынша қорғасын зауыты салынды және де осы күнге дейін жұмыс істейді. 1997 жылы қорғасын мен мырыш өндіруші ең ірі әлемдік компания «Тек Коминко Металс ЛТД» (Канада), құрамында 75% тотыққан шикізаты бар қиын құрамды шикіқұрамды өңдеуге арналған қорғасын өндіру бойынша әлемдегі ең заманауи КИВЦЭТтік зауытты салды. Канада мен Италияда зауыттар, ВНИИцветметтің лицензиясы бойынша «Снампрожетти С.р.л.» итальян компаниясымен жобаланған.
Қытайдың ірі компанияларымен КИВЦЭТтік технологияға жасалған лицензиялық шарттар шеңберінде КИВЦЭТтік технологиялар бойынша қорғасын зауыттары салынып, пайдалануға берілді:
- 2012 жылы «Jiangxi Gopper Gorporation» компаниясы жұмыс өнімділігі жылына 100 мың тонна қорғасын;
- 2013 жылы «Zhuzhou Smelter Group Co» компаниясы жұмыс өнімділігі жылына 120 мың тонна қорғасын.
КИВЦЭТ кешендерінің барлық жобалық көрсеткіштеріне қол жеткізілді, ал кейбірлері асып түсті.
Хукоудағы КИВЦЭТтік кешен | Чжучжоудағы КИВЦЭТтік кешен |
2015 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің № 125 Жарлығымен ВНИИцветметтің үш қызметкеріне «Еліміздің инновациялық дамуына айтарлықтай үлесін қосқан және технологиялардың әлемдік нарығында Қазақстанның беделін көтерген, қорғасын және алтын металлургиясы саласындағы әзірлемелерді өнеркәсіптік іске асыру» жұмыстарының топтамасы үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауареттары Игорь Владимирович Старцев, «ҚР МШКҰЖ ҰО» РМК «ВНИИцветмет» филиалының директоры, Николай Николаевич Ушаков, бас ғылыми қызметкер, т.ғ.к., МРХА академигі, Виктор Александрович Шумский, директордың орынбасары, т.ғ.к.
Біз өткен жылдарды бағалаймыз, сонымен бірге болашақта алға деген жаңа бастамаларға жолымыз ашық!